1) Зерттеудің
тақырыбын, мақсатын,
міндеттерін тұжырымдау
Мысал:
«Жаңа биополимер негізіндегі
экологиялық таза қаптама
жасау» тақырыбын таңдап, мақсаты – табиғи ортада ыдырайтын қаптама алу, міндеттері – шикізат таңдау, қасиеттерін зерттеу.
2) Әдебиетті
зерделеу, зерттеулер жүргізу және техникалық жобалауға дайындық
Мысал: Бұған дейінгі зерттеулерді қарастырып, биополимерлердің түрлерін
салыстыру, өндірістік
қолдану мүмкіндігін
талдау.
3) Әртүрлі
нұсқаларды әзірлей
отырып, техникалық жобалау
Мысал: Қаптаманы әртүрлі
шикізаттан (крахмал, целлюлоза, хитозан)
жасап көру және олардың қасиеттерін салыстыру.
4) Жобаны
әзірлеу және техникалық-экономикалық негіздеу
Мысал: Қай нұсқа арзанырақ, экологиялық
тиімді және өндірісте қолдануға
ыңғайлы екенін есептеп, ең қолайлысын таңдау.
5) Жұмыстық
жобалау
Мысал: Қаптама өндірісінің
нақты технологиялық
сызбасын, жабдықтарын
және процестерін дайындау.
6) Тәжірибелік
үлгіні дайындау және оның өндірістік сынақтары
Мысал:
Биополимер қаптаманың тәжірибелік
үлгісін жасап, тағамды сақтау кезінде беріктігі мен экологиялық қасиеттерін
сынақтан өткізу.
7) Тәжірибелік
үлгіні пысықтау
Мысал: Егер үлгі тым тез бұзылса, қосымша пластификатор немесе
қоспа енгізіп, қасиеттерін жақсарту.
8) Мемлекеттік
сынақтар
Мысал: Қаптаманы санитарлық-гигиеналық, экологиялық және стандартқа сәйкестік тұрғысынан мемлекеттік сынақтан өткізу.